Тұрлыхановтың ұлы адвокаттарды соққыға жықты

2510
Adyrna.kz Telegram
Фото: Smi24.kz
Фото: Smi24.kz

Алматыдағы мекемелердің бірінде адвокаттар Анна Димитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Димитриевич оқиғаның мән-жайымен бөлісті.

"Біз ойланбастан жүгіріп барып, оны тоқтатуға тырыстық. Қыз мені құшақтап, «Көмектес! Көмектесіңдер!", - дей берді. Содан кейін кенеттен жігіт бізге ауысты. Олег соққылардан құлап қалды. Орнынан тұрайын дегенде, ол аяғымен тебе бастады. Жігіт Олегтің басын футбол добындай теуіп жіберді. Тіпті еркін күрес жарыстарындағыдай лақтыру да жасады", - деп еске алады Анна.

Адвокат шабуылшыларды тіпті тәртіп сақшыларының қатысуы да тоқтатпағанын айтады. Олар Олег Черновты қорқытуды жалғастыра берген.

Димитриевич шабуыл жасаған адамның Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл екенін айтты.

"Спортшылардың өзіндік моральдық-этикалық ұстанымдары бар, сондықтан Дәулет Болатұлы бұл жанжалда дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін", - деді ол.

Пікірлер