Қазақ елі құтқарушылары 7 тірі жан мен демі үзілген 85 адамды жер бетіне шығарды

4098
Adyrna.kz Telegram
Түркияда зілзала зардаптарын жоюға жұмылдырылған біздің азаматтар белсенді түрде жәрдем көрсетіп жатыр. Олар іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіле бастаған күннен бастап 7 адамды тірідей жарық күнмен қауыштырды.  Оларды бірден медицина қызметкерлеріне тапсырды. Үйінді астынан өлі күйінде табылып, жер бетіне шығарылған 85 адам болды. Оның 10-ы бала, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары екі елді-мекенде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Қираған үйлердің орнындағы үйінділердің арасын ашу жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар тұрақсыз құрылымдарды бөлшектеу және арнайы кескіштің көмегімен жол тазарту және қирандылардың астынан зардап шеккендерді іздеуді жеңілдету үшін үйінділердің астындағы арматураны кесу жұмыстары жүргізуде. Бұл бетон, арқалықтар және басқа да құрылыс қалдықтарын бөлшектеп, арнайы техникаға жүктеуді жеңілдету үшін жасалады", деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бірінші лекпен жедел жеткен құтқарушылар тобы Газиантеп қаласында тәулік бойы екі ауысымда екі аймақта жұмыс істеуде. Қазақстанн ТЖМ-ның екінші легі Түркияның  Нурдагы қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер