“Психиатриялық есепте тұрған”: Петропавлда оқушы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттады

2060
Adyrna.kz Telegram

Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте болған.

“Үш бала жарақаттанды. Екі бала облыстық балалар ауруханасында (бас пен білек жарақаты), үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді”, – деп хабарлады Петропавл қаласының баспасөз қызметі.

СҚО-ның полиция департаменті жасөспірім ұсталғанын мәлімдеді.

"Полицейлер кәмелетке толмаған Д.-ны ұстады, бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы 14-тармағы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол психиатриялық есепте тұрған. Сотқа дейінгі тергеу аясында жасөспірім мен мектеп әкімшілігінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген ресми хабарламада.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер