Зілзала кезінде Мұстафа Өзтүріктің Түркияда тұратын екі қарындасы қайтыс болды

4818
Adyrna.kz Telegram
Фото: arbat.mediа
Фото: arbat.mediа

Түркиядағы болған жер сілкінісі кезінде белгілі спортшы, таэквондодан 6 дан қара белбеу иегері Мұстафа Өзтүріктің қарындастары қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Хатай провинциясының Дефне аймағында екі этникалық қазақтың үйінді астында қалғаны анықталған. Олар түркияда туған қазақ, белгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Қос қандасымыздың есімі Нұрай Қазақ және Бушра Қазақ. Анасы мен қызын туыстары Стамбұлдан алып шыққан.

Нұрай Қазақ 57 жаста болған. Ол Мұстафа Өзтүріктің інісі Рустам Өзтүріктің қызы. Қандасымыз ұзақ уақыт бойы Йордания елінде тұрып, Хатай провинциясына қоныс аударған. Нұрайдың қызы 31 жаста болған. Зілзаладан қайтыс болған марқұмдардың денесі Стамбұлда жерленеді.

Зілзала кезінде Қазақстанның 4 азаматының жоғалып кеткені айтылды. Кейін олардың үшеуі табылып, екеуінің зілзала кезінде қайтыс болғаны анықталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер