Түркияда көз жұмған екі қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді

2915
Adyrna.kz Telegram

Түркиядағя жер сілкінісі кезінле қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті елге жеткізілді. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

«Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков Түркиядағы жер сілкінісінен кейін қаза тапты. Олардың мүрдесі Хатай өлкесіндегі Антакья қаласында толықтай қираған ғимарат үйінділерінің астынан табылды. Бүгін олардың мәйіті Отанына жеткізілді», - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, Түркияның Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында 9 ақпан күні таңғы сағат 9-да үйінділер астынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екінші мүрде - Әділ Қадырбековтікі. Оны марқұмның туыстары растады.

Ал 10 ақпанда Мирболат Құрмашевтің денесін құтқарушылар үйінді астынан алып шыққаны белгілі болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер