"Басшымыз халықты аямаңдар дейді" - Қызылордалық полицейлерлер шындықты айтып, Тоқаевқа хат жазды

8008
Adyrna.kz Telegram
Қызылорда полицейлері қызмет барысында басшылық тарапынан көрген жәбір мен сан-салалы қысымды жіктеп жазып, ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Жетпістен астап тәртіп сақшысы қол қойған ұжымдық арызда басшылықтың полицейлерді құқық бұзып, халыққа қысым көрсетуге итермелеп отырғаны және қаражат жинату секілді заңсыз әрекеттерге мәжбүрлейтіні баяндалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Қызылорда қаласы, Полиция басқармасының жергілікті қызметкерлері ұжымдық арызда қызметті белден басып, басшылықтың "бармақ басты, көз қыстыға" баруы, қызметтік ортадағы жайсыздық, халыққа қалтқысыз қызмет етуге оң жағдайдың жасалмауы, шеті жоғарының озбырлығы cуреттелген. Сонымен қатар, себепсіз қаржы жинатып, халықты "әсіреқанауға" ықпал етуі, шен-шекпен мәселесіндегі селқостық, қызметтік іс-сапар ақысының төленбеуі мен жұмыс уақытынан тыс "шабармандық" іске жегу сынды кілтипандар кеңінен таңбаланған. Мәселен, арызданушылар бірауыздан:
- Қызылорда қаласы мен облыс төңірегіндегі халықтың қайсы бірінен сұрасаңыз да, күнделікті көшеде жүріп-тұруын айтпағанда, түн мезгілінде жасөспірім балалармен серуендеуге қорқатынын айтады. Себебі, барлығы көшеде жүретін бұзақылардан емес, полициядан қорқады... Оның басты себебі - полиция қызметкерлеріне берілген басшы тапсырмасы. Көшеде халық жүрмесін, жүрсе, жауапқа тартыңдар деген негізі" - деп жазды олар.
Мұнымен қоса полицейлер өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізгендерін де бұғып қалмады:
- Оның дәлелі ретінде Қызылорда қаласына іc-сапармен ҚР ІІМ-рі М. М. Ахметжанов мырзаны келеді деген негізбен, 2022 жылдың желтоқсан айында өз қаражатымызға жөндеу жұмысын жүргізгендігіміз, - деді ойы сан-саққа жүгірген сақшылар.
Арызға қол қойғандарға қатысты дерек:
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер