Google-да жұмыс істеу – қолжетпес арман емес

3446
Adyrna.kz Telegram
SONY DSC
SONY DSC

Google компаниясына жұмысқа шақырту алу жолдары туралы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі, бағдарламашы-құрастырушы Ернияз Нұрғабылов, «Ақылды бейсенбі» кәсіптік бағдар беру кездесуінде оқушылармен бөлісті.

Ернияз Нұрғабылов Назарбаев Университетінің «Computer Science» факультетін бітірген. Ол Google компаниясынан шақыру алып, 2022 жылдың наурыз айынан бастап Польшадағы Google кеңсесінде бағдарламашы- құрастырушы ретінде жұмыс істейді.

Ернияз бұған дейін Яндекс-те тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар өзін Сергек интеллектуалды бейнебақылау, талдау және болжау жүйесін жетекші құрастырушылардың бірі ретінде жүзеге асырды.

Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектебінде оқыған жылдары Ернияз математика пәнінен көптеген халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпазы атанып, математикадан Қазақстан құрама командасына қосылды, әлемнің оннан астам елінде білімін көрсете білді.

Ең жарқын жетістіктердің бірі - халықаралық International Mathimatical Olympiad олимпиадасы. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 150-ден астам мемлекет қатысады. Бұл олимпиада математика саласындағы ең жоғары жарыс болып табылады. Талантты Ернияз бұл олимпиадаға екі рет 10 және 11 сыныптарда қатысты. Алғашқы жарысында Аргентинада күміс медаль алса, 11-сыныпта Колумбияда қола жүлдегер атанды.

Оқушыларға «Ақылды бейсенбі» кездесуінде ол әрқашан арманыңа қарай жылжу керектігін айтты. Оның арманы ең ірі «Google» корпорациясында жұмыс істеу еді, бірақ қандай да бір себептермен ол өз қабілетіне сенбей, сонда құжат тапсыруға қорықты. Дегенмен арманы орындалды.

Ол жерде жұмысын бастамас бұрын қатаң іріктеуден өтті - әрқайсысы 45 минуттық ондаған сұхбат берді.

Бүгін «Google» Ерниязды қажеттінің барлығымен қамтамасыз етеді: ыңғайлы жұмыс кестесі, тамаша кеңсе, тегін тамақ және көшуге көмектесу.

Ернияздың басты арманы – Қазақстанға оралып, еліміздің әлеуетін арттыра отырып, осында IT саласын көтеру.

Мектепті сүйіспеншілікпен еске алады. Оқушыларға NIS беретін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға кеңес берді, әсіресе, олимпиада алаңында.

[caption id="attachment_147249" align="aligncenter" width="2560"] SONY DSC[/caption]

Пікірлер