Бекзат Жүсіп "Qazcontent" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

1856
Adyrna.kz Telegram

Бекзат Жүсіп "Qazcontent" АҚ Басқарма төрағасы болып  тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Бүгін "Қазконтент” АҚ ұжымына жаңа басшы ретінде Бекзат Жүсіпті таныстырдым. Бекзат Бақбергенұлы бұған дейін Премьер-Министр кеңсесінде, Президент әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды. Журналистика саласында жемісті еңбек етіп, медиа менеджер ретінде біліктілігін көрсетті. Әріптесіміз "Болашақ" бағдарламасы бойынша алған білімі мен жиған тәжірибесін ақпарат саласының дамуына жұмсайды деп сенеміз. Сәттілік тілеймін!", - деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер