Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

1027
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорданың бапасөз қызметі
Фото: Ақорданың бапасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сондай-ақ, Президент Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізіп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

”Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын”, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket