"Қасық алдық" - Алматы облысында ер адамның асқазанынан ас қасық шықты

3745
Adyrna.kz Telegram
Науқастың асқазанынан ас қасық алынды. Қонаев қаласы, көпбейінді ауруханасында хирург дәрігерлер осы жолғы отадан "олжалы" оралды. Олар бұрын-cоңды болмаған оқиғаға тап болды. 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасық алып шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Медициналық орталықтың хирург дәрігері Тахир Закірұлы Шкурәлиев бұл жайға қатысты пікір білдірді. Мамандар ішке түскен қасыққа бола арнайы түрде рентгенографиялық және эндоскопиялық зерттеу жүргізген. Ота эндоскопиялық санатта жасалды.

"Уақтылы диагноз қойылмаған жағдайда қабыну процесі, бөгде заттың айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, жылжуы, сонымен бірге ішектің бітелуі немесе перитониті бар перфорация пайда болуы, бұл өлімге әкелуі мүмкін", - деді Тахир Зәкірұлы.

Науқастың қазіргі хәлі - тәуір. Ол саналы түрде, қасақана ас қасығын аспен қатар жұтып жіберген. Оның заманауи жабдықтарға сай Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасына көңілі толды. Тың әдістерді қолдану арқылы ажалға арашашы болып жүрген ақ халаттыларға да алғысы шексіз.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер