Қаңтар оқиғасында 2 полицейді көлікпен қаққан ақтөбелік 15 жылға сотталды

3990
Adyrna.kz Telegram

Қаңтар оқиғасында 2 полицейді көлікпен қаққан Нұрсұлтан Исаев 15 жылға сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

32 жастағы ақтөбелікке “билік өкілдеріне қатысты күш қолданды", "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айып тағылды.

Ер адам 5 қаңтарда достарымен бірге алаңға барған. Полиция демостранттарға газ шашып, резеңке оқ ата бастаған кезде ол сұйық газбен жүретін көлігін алаңнан аулағырақ жерге алып кетпек болады. Алайда көлігінің терезесіне оқ тиіп, сотталушы рөлге ие бола алмай қалған. Қазіргі таңда сол кезде жарақаттанған үш полицей өз міндетін атқарып жүр.

Исаев өзіне тағылған айыппен келіспейді. Оның жұбайы мен адвокаты жазаның тым ауыр екенін айтты.

«Үкім негізсіз және заңсыз шығарылып отыр. Менің қорғауымдағы ер адамның кінәсі дәлелденген жоқ, алайда сот оны 15 жылға соттады. Бұл - өрескел заңбұзушылық. Біз үкімге аппеляциялық шағым түсіреміз»,—деді Исаевтың адвокаты.

Сурет Азаттық радиосынан алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер