Мас болып, баласын үшінші қабаттан құлатқан әйел ата-ана құқығынан қағылуы мүмкін

33376
Adyrna.kz Telegram
Жиырма жетінші қаңтар күні масаң қалпында баласын қолына ұстап, балконға өрмелеген әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ол құлыптаулы тұрған үшінші қабаттағы үйінен сыртқа балкон арқылы шықпақ болған еді. Ақырында баласы қолынан түсіп, ауыр жарақат алды. Бұл жайды "Адырна" ұлттық порталы жазды. 
Екі жасар ұлын балконнан құлатып алған Риддер тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұлған қатысты:
"Әйелге қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішхатпен беріледі", - деді ШҚО полиция департаменті.
Бөбек қазір ауруханада жатыр. Бөбекті періштесі қақты. Қазір оның өміріне қандай да бір қауіп жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер