Генерал-майор Руцкой: "Ресей Қарулы күштерінің хәлі мүшкіл, соғысатын жағдайда емес"

2935
Adyrna.kz Telegram

Ресей Қарулы күштерінде не қайрат, не күш қалмағанын халықтан былай қойғанда, шенді-шекпенділердің өзі ашық мойындай бастады. Бұл жайлы Ресейдің қоғам қайраткері, Кеңес Одағының батыры Александр Руцкой мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Кеңес Одағы және Ресейдің мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры (1988), авиация генерал-майоры (1991) Александр Руцкой орыс қарулы күштерінің қауқары қалмағанын айтты. Генерал-майордың көпті тосырқатқан бұл пікірі "Serg Wысоцкий" арнасында жарияланды.

- Мұндай соғысты жүргізу үшін ұрысқа сай күш-қайратың болуы керек. "Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама". Тіпті, өзің тапырақтап отырғанда шекара сыртына шығып, соғыс жүргізу, оқ ату дегеннен аулақ болу керек емес пе? - деді генерал-майор.

"Адырна" ұлттық порталы  

Пікірлер