"Қазақша сөйлегендерге "Сен, ұлтшылсың" дейтін Ильин басшылық қызметтен дәмелі" - А. Әмірқамзин

4675
Adyrna.kz Telegram
Әлеуметтік желідегі "Ашаршылық ақиқаты" парақшасының жүргізушісі, зерттеуші, "Тобыл-Торғай.кз" сайтының атқарушы директоры Амандық Әмірқамзин спортшы Илья Ильиннің Ауыр атлетика федерациясын басқарғысы келетінін жайлы мәлімдемесіне қатысты ашық пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Тарихшы Илья Ильиннің мәлімдемесіне қатысты:
- И.Ильин допинг пайдалану арқылы, яғни, арам жолмен Олимпиада медалін алған болатын, бірақ, ол оған мемлекет пен жергілікті билік берген үй, көлік, қаражатты қайтарған жоқ. Қайтармақ түгіл, Ауыр атлетика федерациясын басқарғысы келетінін мәлімдеді. Біздің спортта легионерлердің жұлдызы жанып тұр немесе небір алаяқтардың дәурені жүріп тұр. Оны құдайындай көретін, әсіресе спорт журналисіне өткенде қазақша сөйлегенде: "сен ұлтшыл" дегені ұмытылмайды. Ильиннің халқының 97 проценті жергілікті ұлт Қызылорда облысында өсті дегенге қалай сенесің!
Жалпы, өркениетті елдерде допингмен ұсталдың ба, алдағы өміріңе қара таңба басқандай болады, тек Қазақстанда емес! - деп жазды автор.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер