Бибісара Асаубаева әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірін жеңді

3034
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде айтулы сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресейлік — әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта 2 739 ұпайы бар.

Ол мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді. «Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым», - деп айтты Карякин ойыннан кейін.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.

Пікірлер