Саясат Нұрбек InDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті

626

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек InDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскиймен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Келіссөздер барысында А.Томский еліміздегі коммерциялық емес білім беру жобаларына инвестиция салу жоспарларымен бөлісті. Кәсіпкер әсіресе, жоғары білім саласына ерекше көңіл бөлмек. Менің ойымша, мұндай бастамалар білім беру қызметтері нарығының дамуына елеулі серпін береді және жастарымызға көбірек мүмкіндіктер ашады. Жалпы мені А.Томскийдің білім беру миссиясы және оның біздің білім беру жүйесіне инвестиция салуға ниет білдіруі таңқалдырды. Кәсіпкердің айтуынша, InDrive компаниясы 5 жыл ішінде инвестиция көлемін ұлғайтуға дайын. Жақсы жаңалық күтіңіздер!", - деп жазды министр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket