Путинді қолдаған депутат "Ақ жол" партиясынан шығарылды

3519
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты А.Әбілдаевтың  журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.

"Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да  бұзып тұрғанына баса назар аударды. Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, “Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.Ұлттық кеңес шешімі бойынша А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады. бОсыған байланысты А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады", - делінген ресми хабарламада. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер