21 қаңтарда Астанада журналистермен кездескен Ерлан Нұрғалиевтің келіні (іні Нұрлан Нұрғалиевтің әйелі) күйеуі ағасын шабуыл жасалған орыннан Астанадағы ауруханаға өзі алып барғанын айтқан. Ол Ерлан Нұрғалиевті емханаға жеткізуге тікұшақ, не жедел жәрдем жіберілмеген деп мәлімдеген болатын.
"Бұл жерде уақыт жоғалды деп айту дұрыс емес деп ойлаймын. Далалы жерде науқасты жеткізуге мүмкіндік болған жоқ. Реанимобиль жіберу тиімсіз болар еді, себебі жолға көп уақыт кетер еді. Мұндай кезде науқасты ауруханаға өз күшімен алып кеткені әрине, дұрыс болған. Оның үстіне, оқиға түзде болған. Бізде далалы жерде емхана жоқ. Оларды аудандық ауруханада күтті, бригадаға хабарланды, бірақ олар тікелей қалаға тартып кеткен. Уақыт жоғалтқан. Алдарынан көлік шығып, науқасты күтіп алып, ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Амал не, науқастан айрылып қалдық" деді Біртанов.
Ол санавиация тікұшағын жіберуге ауа-райы қолайсыз болғанын айтты.