Қазақы құндылықтар арқылы мемлекеттік тілді үйрететін «QAZAQ alemi»

2656
Adyrna.kz Telegram

2023 жылғы 21 қаңтарда сағат 15:00-де Астанада«Қара шаңырақ» РҚБ мен «BI Group» компаниясымен бірлесіп  ерекше форматтағы дәріс өткізгелі отыр.

«Қара шаңырақ» ұжымының «QAZAQ alemi»авторлық жобасы қазақ ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, салт-дәстүрін, рухани құндылығын, өнерінеркін форматта үйретуді, танытуды насихаттайтынрухани-танымдық сабақтарды қамтиды.

Жобаның мақсаты: Ұлттық құндылықтарымыз -қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, дүниетанымын «жұмсақ саясат» арқылы дәріптеу. Мемлекет құраушы ұлттың құндылықтары арқылы еліміздегі этникалық топтардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, тілдің қолдану аясын халықаралық деңгейге шығару.

«Бір ел – бір тіл» идеясының аясында барша Қазақстан халқын қазақтың қасиетті қара шаңырағының астына жинап, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ырысы мен несібесі артқан біртұтас рухы биік ұлтқа, мықты кемел мемлекетке айналдыру.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысты жандандырып, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға үлес қосу.

Пікірлер