Универсиада-2023: Қазақстан медальдар кестесінде үш сатыға көтерілді

4252
Adyrna.kz Telegram
Фото: Twitter/LakePlacid2023
Фото: Twitter/LakePlacid2023

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан спортшылары екінші алтын жүлдені алып, жалпыкомандалық есепте 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, Универсиада-2023 12 қаңтарда басталған. Ол 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес алса, бүгін шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанды.

Осылайша, ел құрамасы екі алтын жүлдеден кейін медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді. Бұған дейін  құрама 9-орында тұрған еді.

Көш басында 17 (9-6-2) медальмен Жапония келеді. Одан кейінгі орындардағы Францияның 9 (2-3-4), Чехияның 5 (2-1-2) медалі бар. Испания 4 (2-1-1) жүлдемен төртінші, Канада 5 (2-0-3) жүлдемен бесінші сатыда тұр.

Қазірге дейін барлығы 20 құрама медаль алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер