Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Төраға орынбасары Константин Петров айтуынша, сенат депутаттарының құрамы 80%-ға жаңартылды. Олардың үшеуі әйел, 17-сі ер адам. Орташа жас 53,8-ді құрап отыр.
Абай облысынан - Қайрат Құлбайұлы Тастекеев; Ақмола облысынан – Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов; Ақтөбе облысынан – Амангелді Шайхоллаұлы Нугманов; Алматы облысынан – Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев; Атырау облысынан – Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев; Батыс Қазақстан облысынан – Арман Кәрімұлы Өтеғұлов; Жамбыл облысынан – Сәкен Қаланұлы Арубаев; Жетісу облысынан - Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисов; Қарағанды облысынан – Серік Балғатайұлы Өтешов; Қостанай облысынан - Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов; Қызылорда облысынан – Руслан Рүстемов; Маңғыстау облысынан – Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров; Павлодар облысынан – Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов; Солтүстік Қазақстан облысынан - Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова; Түркістан облысынан – Мұрат Болатұлы Қадырбек; Ұлытау облысынан - Советбек Тұрсынұлы Медебаев; Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов; Астана қаласынан – Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай; Алматы қаласынан – Жанна Бейсентайқызы Асанова; Шымкент қаласынан – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров сайланды.