«Барселона» Испания Суперкубогын жеңіп алды

3751
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/44686a503d77f322.jpeg
«Барселона» Испания Суперкубогының финалында «Реалды» 3:1 есебімен жеңді. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 33-минутта Гави «Барселонаны» алға шығарды, ал бірінші таймның соңында Роберт Левандовски есепті еселеді. 69-минутта Педри тағы бір гол соқты. Мадридтік команда сапында Кәрім Бензема қосымша уақытта голдың авторы атанды. Каталониялық клуб Испания Суперкубогын 14-рет жеңіп алды, бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии