Қаңтар құрбандарына арналған "Тұманды қаңтар" бейнебаяны жарық көрді

2809
Adyrna.kz Telegram

"Қаңтар оқиғасының" қасіреті мен тарихи маңызын суреттейтін бейнебаян жарық көрді. Туынды "Тұманды Қаңтар" деп аталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бейнебаянның жарыққа шығуына қатысты қоғам белсендісі Рүстем Ашетаев

- Қаңтар оқиғасы кезінде талантты кинорежиссер Сәкен Битаев бауырымыздан айырылып қалған едік. Сол қаралы күндерде қаңғыған оқтан көз жұмған бауырымыздың құрметіне, досымыз режиссер Бейбітжан Муслимовтің “Тұманды қаңтар” арнау бейнебаянын қабыл алыңыздар!
Елімізде енді мұндай күндер қайталанбасын! Болашағымыз баянды болсын! - деп пікір білдірді.

Философиялық астарға бай бейнебаянда Қаңтар қырғынында қаза болған азаматтардың бейнелері көрсетіледі. Сонымен қатар, авторлар "Қанды қаңтар" оқиғасының тұманды тұсына үңіліп, шерменде көңіліндің көрінісін суреттейді.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер