Қаңды Қаңтар: Жылқы қайырып жүргенде жазықсыз атылған азаматтың бес баласы жағдайсыз

3640
Adyrna.kz Telegram

Қанды Қаңтар кезінде Талдықорған қаласының маңында жылқы қайырып жүрген жерінен оққа ұшқан Ерназар Қырықбаевтың отбасы мен балалары қазір сыз тартқан үйде тұрып жатыр. Тіпті, балалары әкесіні мал айдауға кетіп, ажал құшқанынан әлі күнге хабарсыз. Оған әскери бөлімше тұсынан толассыз оқ атылған. Балалары болса, күн сайын әкесін тосып, жол қарайды. Бұл жайлы қоғам белсендісі Айжан Хамит хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Мынау Талдықорғанда өлтірілген малшы Қырықбаев Ерназардың семьясы. Жұбайы Ботакөз кенже егізді Ерназар қайтып кеткеннен кейін босанды. Өзі 26 жаста, бес баламен жесір қалып қойды. Жазда бір спонсор үй алып берген, жас қой дегенмен, үйде сыз бар екенін көрмепті. Үйде вытяжка жоқ, терезелері терлеп үйде ауа жоқ, соның салдарынан қабырғалары осындай боп кеткен. Бүгін Рүстем деген жігіт барып келген, фотоларды сол жасаған. Құрылысшыларға барып жұмыс қаншаға шығатынын санап берем деді. Әзірше осы, сондықтан шұғыл асар. Балалары ауыра береді екен енді, - деп жазды автор.

Айжан Хамит Ерназардың неліктен ажал құшқанына тоқталды.

- Ерназар байқұс айдалада мал бағып жүргенде әскери біреу атып өлтірген. Он бес оқ жаудырған. Қызына қазір келем, малды айдап келейін деп шығып кеткен еді. Балалары әкесін әлі күтіп жүр. Ал, мародер бандит террорист деп қақсай беретіңдер, айтыңдаршы, мына жігіттің жазығы не еді? Ақшаны тікелей Ботакөзге жіберіңдер. Шетелден paysend қосымшасымен жібере аласыңдар, немесе wire transfer.
IBAN: KZ93722C000046276698
BIC: CASPKZKA
AO Kaspi Bank
Карта нөмері: 4400 4301 0497 6458
Botakoz Koptileuova
ИИН: 960308402462
Kaspi Gold +7 707 898 2451
Таратыңыздаршы, өтінемін - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 24 жастағы Ерназар Қырықбаев қаңтардың бесінде Талдықорған қаласындағы әскери гарнизон шетінен өтіп бара жатқан кезде астындағы атымен қоса оққа ұшқан. Оны іздеп барған жұмысшыларға да жауынгерлер оқ атып, қол көтеруге мәжбүрлеген. Жауынгерлер "Тоқта!" деген бұйрыққа бағынбаған салт аттыны атып, жедел жәрдемге салып жібергенін айтқан. Туыстарына Ерназар Қырықбаевтың денесін бір аптадан соң ғана табысталды.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер