Баян Мақсатқызының әкесі қайтыс болды

6872
Adyrna.kz Telegram

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының әкесі Мақсат  Мұхитденов қайтыс болды. Қайғылы хабарды Кешyou тобының директоры Назым Басқынбаева жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Асыл ер, абыройлы азамат, аяулы жар, ардақты әке, қазақ мәдениеті мен руханиятының жанашыры Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов өмірден озды. Қашан да жүзі жылы, сабырлы, ақылы мен тәжірибесін ортаға салып, бағыт-бағдар нұсқауға дайын, зиялылықтың символындай болған керемет жан еді... Қабырғамызды қайыстырған қаралы хабар оның айрандай ұйып отырған отбасына ауыр соққы болып тиді. Аса қадірлі Гүлжамал Айдарқызына, Бәтес, Баян және Бағым ханымдарға, олардың өмірлік жарлары Марат, Тұрсынғали, Әділжан мырзаларға, немерелері Айдар, Ақбота, Айсәуле, Айару, Арланға, шөберелеріне қайғырып, көңіл айтамыз. Мақсат ағамыздың иманы саламат болып, жаны жаннаттан жай тапсын!»—деп жазды ол Instagram парақшасында.

“Адырна” ұлттық порталы мен Түріктану семинары марқұмның сүйікті жарына, жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер