Мұрат Жүребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

3811
Adyrna.kz Telegram
Бүгін ҚР энергетика вице-министрі лауазымынан босатылған Мұрат Жүребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен, ҚР Президент әкімшілігі және қала мәслихатының келісімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып Мұрат Жүребеков тағайындалды.

Бүгін шаһардың жаңа әкімін қала активіне өңір басшысы таныстырды.

Мұрат Жүребеков – 44 жаста. Ол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, «Strathclyde» университетін (Шотландия, Глазго қ.), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ, Бостон қ.), 2019 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас маманы ретінде бастаған. Түрлі жылдары «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС қызмет еткен.

Ақтөбе қаласы әкімі лауазымына дейін 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер