Үкімет аппаратының басшысы тағайындалды

3373
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев ҚР премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, философия ғылымдарының кандидаты.

1995-2004 жылдары ҚР Ресейдегі елшілігінің атташесі, ІІІ хатшысы, І хатшысы, кеңесші-елші. 2004 жылдан – ҰҚШҰ жанындағы ҚР-ның өкілетті өкілі.

2004-2006 жылдары - ҚР Президенті әкімшілігінің бас инспекторы.

2006-2008 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР Литвадағы төтенше және өкілетті елшісі.

2009 жылдың ақпанынан бастап ҚР Латвия, Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012-2016 жылдары ҚР Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Эстониядағы елші міндетін қоса атқарушы.

2016-2019 жылдары жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы болды.

Пікірлер