Мемлекет басшысы агломерацияларды дамытуға қатысты заңдарға қол қойды

3055
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/fbeb788a-9a5f-4d4e-a566-2d20848efccf.jpeg
Мемлекет басшысы агломерацияларды дамытуға қатысты екі құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мемлекет басшысы «Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Комментарии