Бүгін мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезов 80 жасқа толды

5718
Adyrna.kz Telegram
Фото: express-kkz
Фото: express-kkz

Бүгін жазушы Мұхтар Әуезовтың ұлы, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезовтың туған күні. Ол  80 жасқа толды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мұрат Әуезов 1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов пен Фатима Ғабитованың ұлы. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын "Қытай филологиясы" мамандығы бойынша бітірген. Қызметтік жолында басшы да, депутат та, елші де болған.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, "Алтын асық", "Тарлан" сыйлығының лауреаты. "Времен связущая нит", "Иппокрен", "Уйти, чтобы вернуть" еңбектерінің авторы.

Еліміздің ғылымын, көркем әдебиетін, кино өнері мен телевизиясын дамытуға елеулі үлес қосты. "Жас тұлпар" бейресми жастар қозғалысы мен "Невада-Семей" қоғамдық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі. Ұлы Жібек жолын зерттеу мен дамытуға қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның қола медалімен марапатталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер