Мәскеудің бұрынғы раввині Пинхас Гольдшмидт еврейлерді Ресейден тезірек кетуге үндеді. Бұл туралы The Moscow News жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Еврейлер кейін өздерін Ресей билігі Украинамен соғыстағы проблемалардың «бәріне өздерін кінәлі» етіп шығарғанша отыра бермей, елден мүмкіндігінше тезірек кетіп қалулары тиіс», – деді раввин Guardian газетіне берген сұхбатында.
Ол Ресей бұрынғы Кеңес Одағына қайта оралып, онда енді антисемитизм қайта өрши түсетінін айта кетті.
«Бірте-бірте темір шымылдық түсіріле береді. Мен осыған байланысты ресейлік еврейлерге қазір ең дұрысы бұл елден кетіп қалу деп есептеймін», – деп атап өтті Гольдшмидт.
Сонымен қатар, ол Ресей тарихына көз жүгірткенде, саяси жүйеге қауіп төнгенде үкіметтің ылғи ашу мен ызасын еврейлер қауымдастығына қарай аудара салып келгенін байқауға болатынын айтты. Бұл «патша заманында да, ақырында Сталин режимі кезінде де болған.
Гольдшмидт Украинадағы соғыс басталғасын екі аптадан кейін Ресейден кетіп қалған екен. Ол өзіне билік тарапынан қысым күшейе бастағасын солай етуге мәжбүр болған.