Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін

6596
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/1e7cf329-273a-48a4-8d5c-f83648141cd9.jpeg
Франциялық ПСЖ қысқы демалыста жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қарсыласы Сауд Арабиясының екі клубы - "Әл-Наср" және "Әл-Хилал" ойыншыларынан жасақталған команда болмақ,  деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Матч қаңтар ортасына жоспарланған. Айта кетейік, жаңадан әлем чемпионы атанған аргентиналық Лионель Месси ПСЖ сапында. Бұған дейін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" сапына қосылғаны белгілі болды. Осылайша, жұлдызды футболшылар 2023 жылдың басында кездесуі мүмкін.
Комментарии