Ақтөбеде жоғалып кеткен төрт жасар баланың мәйіті табылды

3857
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде 28 желтоқсан күні жоғалып кеткен Данил Ахуновтың мәйіті табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаменті бүлдіршіннің денесінде зорлық белгілері бар екенін мәлімдеді.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында өзге ақпарат жария етілмейді»,—деп түсіндірді ведомство.

Пікірлер