Астанада белгілі олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды

2009
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында белгілі олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 17 наурызда кәсіпкер Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтаған болатын. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер