Иран Алматыдағы әлем чемпионатына хиджабсыз шыққан шахматшыдан бас тартты

2739
Adyrna.kz Telegram

Иран шахмат федерациясының басшысы Хасан Тамини Алматыда шахматтың рапид пен блиц түрінен әлем чемпионатына қатысқан Сара Хадем жарысқа Иран атынан бармағанын айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Мұндай мәлімдеме шахматшы турнирге хиджабсыз шыққаннан кейін айтылды.

"Хадем чемпионатқа Иран Федерациясы арқылы емес, өз бетінше және өз есебінен барды. Ол біздің еліміздің атынан шыққан жоқ. Бірақ біз бұл шахматшыдан мұндай әрекетті күткен жоқпыз, өйткені ол барлық стандарттарға сәйкес алдыңғы турнирлерге қатысқан", – деді Хасан Тамини.

Айта кетейік, Иранда әйелдерге хиджаб кию заң бойынша міндеттелген.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер