Жаңа саясат: Қытай 8 қаңтардан кейін карантин шектеулерін алып тастайды

3692
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/national-geographic-news-1.jpg
Қытай халық республикасы, Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы (NCH) 8 қаңтардан бастап COVID-19 вирусына қарсы бақылауды жеңілдететінін, карантин ережелерін жұмсартатынын хабарлады. Яғни, елдегі бақылау деңгейі А-дан В класына дейін төмендетіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қытай аумағына келгендер бұдан былай карантинге жатқызылмайтын болды. Қытай билігі коронавирус кең тарап, індет өршіп тұрған аймақтарды да оқшауламайтын болды. Мұны Global Times жазды.
- Бұл шешім Қытайдың COVID-19-ға қарсы күресі жаңа кезеңге енген кезде қабылданды, өйткені вирустың вируленттігі азайды, халықтың көбі вакцина алды, - деді қытай мамандары.
Дегенмен, Қытай билігі індеттің таралуы мен шетелде өршуін не азаюын ұдайы бақылауда ұстамақ. Халыққа арналған сақтандыру іс-шаралары жалғасын табады. Себебі медиацина қаласындағы шаруа шаш етектен.
Бұл шешім Қытайдың COVID-19-ға қарсы күресі жаңа кезеңге енген кезде қабылданды, өйткені вирустың вируленттігі азайды, халықтың көбі вакцина алды.
2020 жылдың 20 қаңтарында Қытай билігі дәрігерлер вирустың адамдар арасында таралу қабілетін анықтағаннан кейін COVID-19-ны В класты жұқпалы ауруға жатқызды. Бұл - АИТВ, вирустық гепатит және H7N9 құс тұмауын қамтитын класс. Алайда сол кезде ҚХР басшылығы COVID-19-ды бубонды оба және тырысқақпен қатар қоя отырып, А санатындағы ауру ретінде қарастыру керек деп мәлімдеді. Денсаулық сақтау сарапшылары менеджмент деңгейін төмендету COVID-19 бақылауынан толығымен бас тартумен бірдей емес деп санайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии