Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

5566
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/a4521a5d-e649-4e1d-8b77-5a4e45c45eca.jpeg
Қазақстандық Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентекпен кездесті. Е.Рыбакина қарсыласынан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.  Бір сағатқа созылған кездесуде Е.Рыбакина 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Осылайша, Е.Рыбакина өнер көрсететін «Хоукс» («Қаршығалар») командасы «Кайтспен» («Әуе жыландары») бәсекеде 11:4 есебімен алға кетті.
Комментарии