Ерлі-зайыпты қазақ жұбы үнді қыздарын қуанышқа бөледі. Үндістанға сапар шеккен Ернар Алмабек пен оның жұбайы үнді халқының тұрмыс-тірішігін танытатын қызықты фотосуреттер мен бейне-деректер жариялап жатыр. Олар мектеп алаңында жүрген оқушыларды ерекше суретке түсіріп, балалардың көңіліне қуаныш ұялатты. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.
Қазақы тақия киіп, ұлттық болмысымызды үнді жерінде танытып жүрген қазақ жұбы ерекше видео жариялады. Видеода фотограф Ернар Алмабек үнді оқушыларын суретке түсіріп, қалың көпшілікке олардың дүниетанымын, салт-cанасы мен ұлттық ерекшеліктерін жеткізеді. Жат елдің жеткіншектеріне мейірімділік танытқан жас жұпқа деген үнділіктердің ықыласы жоғары. Тіпті, оларды үнді салтына сай өткен үйлену тойына шақырып, арнайы қонақ та қылған.
"Адырна" ұлттық порталы