Путин: Ресей мен Украина арасындағы соғысты аяқтағымыз келеді

5749
Adyrna.kz Telegram

Владимир Путин Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа нүкте қойғысы келетінін жеткізді. Бұл туралы ол Мемлекеттік кеңес отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен бұл туралы талай рет айтқанмын. Біздің мақсатымыз —әскери қақтығыстың шеңберін айналдыру емес, оны аяқтау. Біз бұл соғысты тоқтату үшін ұмтылып жатырмыз және ұмтыла береміз», - деді ол.

Айтуынша, Украина келіссөзді жүргізуге Украина қарсылық танытып отыр.

«Барлық қарулы қақтығыс дипломатиялық жолдағы қандай да бір келіссөздермен аяқталады. Одан ешқашан бас тартқан емеспіз», - деді Путин.

Айта кетейік, президент алғаш рет «арнайы операция» дегеннің орнына «соғыс» сөзін қолданды.

Пікірлер