Аида Балаева: Адам құқықтарын сақтап, барлық салада ашық диалог орнатайық!

6937
Adyrna.kz Telegram

Елордада өткен бірінші Орталық Азия медиафорумының «Медиа саласындағы әйелдер: азаматтық қоғамды дамытудағы гендерлік теңдіктің рөлі» панельдік сессиясында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева медиадағы әйелдердің орны туралы айтып, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту қажеттілігіне тоқталды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Үкіметтік емес ұйымдардың миссиясы - қоғамдағы көкейкесті мәселелерді шешу. Қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара тығыз қарым-қатынасы өте маңызды. Сол арқылы осы қоғамдағы барлық мәселелер жан-жақты ашылып, оның ең басты шешу жолдарын іздейді. Мемлекеттің де, қоғамның да басты мәселесі - ол адам құқықтарын сақтау. Әр адамға көмек көрсету. Біз тек қана медиафорумдарда осындай мәселелерді ашып емес, шешу жолдарын іздеуіміз керек. Ары қарай шешу жолдарын бірлесіп тауып, жоба ұйымдастырып, сол арқылы шешуіміз қажет. Орталық Азиядағы гендерлік мәселелерге қатысты бәрін бірдей десек, еш қателеспейміз. Сондықтан барлық салада тікелей ашық диалог керек. Қарым-қатынасты нығайтып, бірлесе жұмыс істеуіміз керек",- деді Аида Балаева. 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер