Halyk Homebank 50 балаға арналған жаңа жылдық сыйлықтар ойнатады

3161
Adyrna.kz Telegram

2004 жылдан кейін туылған балалардың digital ұрпақтың бір бөлігі екенін білесіз бе? Олар туғаннан бастап цифрлық әлемге бейімделіп өседі. Смартфон олар үшін құрал емес, өмірлік қажеттілікке айналды. Заманауи балалар гаджеттердің қалай жұмыс істейтінін тез түсінеді, тіпті қолданбаларды жүктеп алып, еш қиындықсыз меңгере алады.

Ғалымдар digital балалардың ерте экономикалық әлеуметтенуімен сипатталатынын атап өтті. Әдетте, 5-6 жастағы балалардың қалтасында туыстары берген ақшалары болады. Бастауыш сынып оқушылары ақшаның қадірін түсініп, өз тәттілеріне, ойын-сауықтарына жұмсай алады. Егде жастағы балалар электронды ақшаға еш қиындықсыз бейімделеді, тамақ жеткізуге тапсырыс беріп, онлайн сатып алуды оңай жасайды. Алайда баланың аты бала.  Олар әрдайым тілек айтып, сыйлық алғанды жақсы көреді.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Halyk банкі Аяз атаның рөлін сынап көруді және кәмелетке толмаған тұтынушылары үшін тосын сый дайындауды ұйғарды. 19 желтоқсан мен 25 қаңтар аралығында балалар арасында 50 сыйлық ұтыс ойыны өтеді. Олардың атына осы кезеңде Halyk Easy картасы ашылады. Сыйлықтар банктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ түрде ойнатылады.

Ұтыс ойынының нәтижесінде 50 балаға жаңа жылдық сыйлық қораптары беріледі. Оған интеллектуалды үстел ойыны, су бөтелкесі, пряник, шырша ойыншығы, гирляндия, карта және күлкілі стикерлер кіреді.

16 жасқа толмаған бала банк картасын аша алмайтыны анық. Сондықтан ата-анасы немесе ересек туыстары көмектесе алады. Сонымен қатар, Halyk Easy бағдарламасын бірнеше минут ішінде – Halyk Homebank қосымшасында ашуға болады.

Ата-ана Halyk Homebank қосымшасында «Halyk Easy»-ді таңдап, баланың ЖСН, ұялы телефон нөмірін көрсетіп, енгізілген деректерді растауы қажет. Баланың телефонына Halyk Homebank-ке кіру үшін уақытша SMS пароль жіберіледі. Балаға банк картасын алты жастан бастап алуға болады. Қажет болса, тегін курьерлік жеткізуге тапсырыс беріп, Halyk Easy пластикалық картасын да ала алады.

Halyk Easy картасының көмегімен бала картаны Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay қызметтеріне қосу арқылы оңай төлем жасай алады. Сондай-ақ QR арқылы төлеуге болады. Мұндай жағдайда пластикалық картаның қалтаңызда жүруінің қажеті жоқ. Ол смартфонында цифрлық картаны пайдалана алады. Егер бала ақша үнемдеуді білетіндердің бірі болса, онда ол Halyk Easy сайтында үлкен сатып алу үшін соманы жинай алады.

Сонымен қатар,  кинотеатрларда, фаст-фуд, ойыншықтар мен кітап дүкендерінде, саябақтарда, сыйлық және хобби дүкендерінде жасалған әрбір сатып алудан есептелетін 5% бонустар бар. Одан бөлек, жоғарылатылған бонустар билеттерді сату қызметтері, мысалы, kino.kz және Halyk Homebank қосымшасындағы төлемдер үшін де беріледі. Бала жинақталған бонустарды ғана пайдалана алады. Бонустарды Halyk Homebank арқылы немесе пластикалық карта арқылы Халық Банкінің POS-терминалдары арқылы сатып алу үшін төлеуге болады.

Halyk Easy бағдарламасының ата-аналар үшін артықшылығы көп. Бұл балаға ақшаны жылдам аудару мүмкіндігін береді. Жылдам толтыру үшін ата-ана баланың телефон нөміріне Halyk Homebank қосымшасы арқылы жедел аударымдарды жіберсе жеткілікті. Ол сондай-ақ баланың шығындарын бақылау негізінде ай сайынғы лимитті онлайн реттеу мүмкіндігін береді. Картаны ашу кезінде белгіленген қаражат лимиті ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін. Ең бастысы: Halyk Easy баланың қаржылық сауаттылығын дамытып, қаржысын басқару дағдыларына үйретеді.

Пікірлер