"Орысша айтпаймын! Қазақстанда жүріп жатырмыз!" - депутат Геннадий Шиповских

6409
Adyrna.kz Telegram

Қазақ елінің депутаты, Қызылорда облысының тумасы, туған елі мен жеріне адал азамат Геннадий Шиповских журналистің қойған сауалына орысша жауап беруден бас тартып, қазақша сөйледі. Автор өскен өңіріне құрмет танытып, қалың көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

ҚР Мәжілісінің депутаты, қазақ тіліне жетік азамат журналистің тосыннан қойған сауалын тойтарып тастады. Депутат орыс тілінде сөйлеуден бас тартып, заңдық негізге жүгінді. Оның айтуынша, баяндаманы орыс тіліне аударып алу - сауал қойған тараптың міндетіне кіреді. Ал депутаттың өзі қазақ тілінде сөйлеуді ар санамай, мақтан тұтатынын ісімен паш етіп келеді.

"Кешеден бері осы видео аздап болса да әлеуметтік желіні жаулап алды. Менің ойымша бұл жерде ешқандайда тілге дискриминация болған жоқ. Бар болғаны өзіміздің мемлекеттік тілімізді сыйлай және кұрметтей білу. Ал кезкелген БАҚ өкілдерінің аударма бөлімшесі барына мен толығымен сенемін", - деді Геннадий Шиповских.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер