КСРО-ны сол күйінде қайта құру мүмкін емес, бірақ посткеңестік елдерді біріктіру қажет! - Рыжков

5821
Adyrna.kz Telegram

"Кеңес одағын сол күйінде қайта құру мүмкін емес, бірақ посткеңестік елдерді біріктірудің жолы бар". Бұл пікірді КСРО Министрлер Кеңесінің бұрынғы төрағасы Николай Рыжков мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Біз Еуропалық одаққа жақын болуға тырысуымыз керек, мұнда негіз бар - Еуропалық Одақ және оның органдары. ЕО қағидасы бойынша посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің бірлестігін жаңа шарттармен қайтадан құруға болады деп ойлаймын», - деді ол.

Рыжков КСРО-ның ыдырау себептеріне тоқталды.

"Америкалықтар бізді жойған жоқ, бірақ олар бұған ықпал етті, өйткені олар әрқашан КСРО сияқты бәсекелесті құртуға тырысты. Бірақ, біз тек сыртқы факторларға байланысты құлаған жоқпыз", - дейді КСРО Министрлер Кеңесінің бұрынғы төрағасы.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер