Абай облысында 2 мектеп оқушысы суицид жасады

3657
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/5dfb9737-52aa-485c-b703-0c6e10d5182f.jpeg
Абай облысы Жарма ауданы Үшбиік ауылында 2 мектеп оқушысы суицид жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Асылулы тұрған балалардың біреуі құтқарылды. Ол 11-сынып оқушысымен ерегесіп, төбелескеннен кейін осындай қадамға барған. Қазіргі таңда оқиға облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеру басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді", - деді ведомство.
Комментарии