Саакашвили жатқан аурухана палатасынан видео жарияланды

2735
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/4cc4fe63-181d-42c8-83cd-ec343b0e781d.jpeg
Грузияның арнайы қылмыстық-атқару қызметі Вивамеди клиникасында қамауда жатқан елдің экс-президенті Михаил Саакашвилидің палатасынан видео жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC news-ке сілтеме жасап.
«Бейнежазбада бұрынғы басшының сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасауын, сондай-ақ оның әрекеттерінен қоғам мен халықаралық әріптестерді адастыру мақсаты айқын көрінеді»,—деп жазды ведомство.
Мемлекеттік орган Саакашвилидің аурухана қызметкерлеріне қатыгездік пен дөрекі мінез-құлық көрсететінін атап өтті. Айта кетейік, Тбилиси соты 2018 жылы «оппозиция депутаты, кәсіпкер Валерий Гелашвилиге жасалған шабуылды ұйымдастырды» деген айыппен президентті алты жылға бас бостандығынан айырған еді. https://youtu.be/1WlmpHAG5es
Комментарии