Бүгін — белгілі журналист Бейсен Абайұлы Құранбектің туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Көзі тірі болса, тележүргізуші 51 жасқа толар еді.
Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы еліміздегі бірқатар республикалық телеарнада қызмет атқарған.
2013-2017 жылдары Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы көпшілікке танымал "Айтуға оңай" әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан Ұлттық арнадағы "Қарекет" бағдарламасының тізгінін ұстаған еді. 2014 жылдан бастап Алматы облыстық "Жетісу" телеарнасының бас директоры қызметін атқарды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз