Асқар Забикулиннің жұбайы желіде әсерлі жазба қалдырды

2622
Adyrna.kz Telegram

Астанада бірнеше адамды құтқарғаннан кейін қаза болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Әнел Забикулина әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін — біздің мерейтойымыз. Отбасымызға 5 жыл толды. Бүгін, әдеттегідей, бір-бірімізді құттықтап, ұзақ уақыт құшақтасып, кешімізді жоспарлауымыз керек еді. Мен саған «Бірге қартайып, жағымсыз болайық» деген жазуы бар бенто тортты, ал сен жауап ретінде гүл беруің керек еді. Бірақ бүгін сенсіз өмір сүргеніме 19 күн. Сен ауысымда деген ой алғашқы екі аптада көмектесті. Содан кейін ол «жұмыс істемей қалды». Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әр сантиметрде сенің ізің бар»,—деп жазды ол.

<

Пікірлер