Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 8 желтоқсандағы жағдай бойынша 1556 адам КВИ (-1348+ және 208 КВИ-) бойынша ем алып жатыр. Оның ішінде 234 науқас стационарда, 1322 адам амбулаторлық емделу үстінде.
КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде:
жағдайы ауыр – 8 науқас,
өте ауыр жағдайда - 4 науқас,
жасанды тыныс алу аппаратында – 4 науқас бар.
Бұған дейін қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Алматыда өткен брифингте халық көп жиналатын жерлерден аулақ жүру және келушілер көп келетін қоғамдық орындарда жүру қажет болса, алты ай сайын белсенді түрде вакцинациялануды ұсынған еді.
Тұрғындарға мейілінше, медицина маскасын тағып, әлеуметтік қашықты және жеке бас гигиенасын сақтау қажет.
"Адырна" ұлттық порталы