Мекеме дерегі: "Екібастұздағы ЖЭО қызметкерінің қазасына әйелі себеп болған"

3218
Adyrna.kz Telegram
Екібастұздағы ЖЭО басшысының қазасына қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр. Болжамның бірінде марқұм әйелімен жанжалдасып қалған. Ашуға булыққан ол гаражға барып, көлігін оталдырған. Сол қалпында көлікте ұйықтап, газдан уланып қалған болуы мүмкін, деп хабарлады pavlodarnews.kz басылымы. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазды.
"4 желтоқсан күні «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не полиция басқармасынан қоңырау шалынды.  Олар қала гараждарының біріндегі көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесін тапқаны туралы баяндады. Деректерді тексеру кезінде қайтыс болған жанның, шынымен де,  орталық қызметкері екені анықталды", – деп жауап берді кәсіпорын өкілдері pavlodarnews.kz басылымына.
ЖЭС бөлімшесі бастығының қапыдағы қазасы қалың елді дүрліктірді. Бұл оқиғадан саяси астар іздеп жатқандар да көп. Жан тәсілім еткен жанның денесінде соққы іздері байқалмады. Марқұмның 33 жасында демі үзілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер