«Халық қатысатын бюджет»: Алматыда 28 жоба жүзеге асты

2699
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын бекіткен болатын. Бүгінгі таңда ел өңірлерінде аталған жоба шеңберінде бірқатар істер атқарылуда. Бұлретте Алматы қаласында жатқызуға болады.  Мәселен, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 28 жоба жүзеге асты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболаи Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтқан едіп, деп жазды «Адырна»  тілшісі.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде барлық жоспарланған 28 жоба (100%) орындалды, атап айтқанда, 14 - жер абаттандыру бойынша, 10 - балалар және спорт алаңы, 4 - тереңдетілген контейнер алаңы.

Сонымен қатар бағдарлама аясында Б. Хмельницкий көшесіндегі сквер жөнделді, Түрксіб ауданына кіре берістегі бос учаскелер (Сейфуллин даңғылы және Лавренев көшесі) абаттандырылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 2023 жылға 164 жобадан 24 жоба таңдап алынды, оның ішінде 12 балалар және спорт алаңы, абаттандырылатын 9 объект және 3 тереңдетілген контейнер алаңы бар.

Пікірлер