“Тәуелсіздікке күмән келтірумен пара-пар”: Екібастұздың қақ ортасында Лениннің ескерткіші тұр

7241
Adyrna.kz Telegram

Екібастұз қаласының қақ ортасында Лениннің ескерткіші тұр. Бұл туралы журналист Серік Хасенов Facebook парақшасында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Екібастұзда халыққа көмек көрсетіп жүрсек, қаланың қақ ортасында қасқайып Ленин тұр. Жалпы біз не үшін кеңестер елінен тәуелсіздік алдық? Мына адамның идеясымен құрылған мемлекеттің идеясымен келіспейтініміз үшін емес пе?! Бұл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне күмән келтірумен пара-пар ғой...

Әрине, қазір ескерткіштен гөрі халықтың жағдайы маңызды. Екібастұзға бұл қыс қиын болады...

Көзбояушылық үшін бәрі жақсы деп жатыр. Әрине сенгім келеді. Солай болғанын шын жүрегіммен қалаймын. Дегенімен бұл ұзаққа созылатын сияқты...
Бірақ, мына ескерткіш келесі қысқа жетпеуі керек. ТЭЦ-ті жаңартып мына проблемада келесі қыста қайталанбауы керек”,- деп жазды ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер